Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

0
499

Тоқаев пен Мирзиёев бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.


Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Президенттер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың және аймақтық кооперацияны кеңейтудің перспективаларын талқылады.

Екі ел басшылары сауда-экономикалық және өзара мүддені көздейтін басқа да салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударды.

Тараптар өзбек көшбасшысының былтыр желтоқсанда Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан тарапы бастамашы болды.