Тоқаев Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

0
532

Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады.


Тоқаев Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Президент Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдады. Министр Президентке Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.

"Сонымен қатар, Президент Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды", - делінген хабарламада.