Сондай-ақ Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар тағайындау жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды;
Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Нұрғали Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.