Трагедия тойда болмаған: Шығыс Қазақстандағы бала өлімінің мән-жайы анықталды

0
589

​Бала алдымен ауыл амбулаториясына жеткізілген, содан кейін аудандық ауруханаға жатқызылған. Алайда дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.


Трагедия тойда болмаған: Шығыс Қазақстандағы бала өлімінің мән-жайы анықталды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы тыныс алу жолдарына жаңғақ тұрып қалған үш жасар баланың өліміне қатысты мәлімет берді, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін БАҚ қайғылы жағдай үйлену тойы кезінде болғанын жазған болатын. Алайда денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растамады.

Басқарманың мәліметінше, басқа елді мекеннен тойға келген ата-ана баласын бірге ертіп жүрген. Той 9 қарашада болған, ал бала 11 қарашада көз жұмды.

"Баланы медициналық мекемеге алып келген кезде оның грек жаңғағына шашалып қалғанын айтты", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Алдымен баланы Көктау ауылындағы амбулаторияға жеткізген. Ол жерде шұғыл көмек көрсетілген, алайда тыныс алу жолдарына тұрып қалған затты шығара алмаған. Содан кейін баланы Үржар ауданындағы аудандық ауруханаға алып келген. Ол жерде балаға медициналық көмек көрсетілді, бірақ ол уақытта пациенттің тыныс алуы қиындаған. Балаға трахеостомия жасады, бірақ сәтсіз болды.

"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.