Таңғы сағат сегіздер шамасында оқыс оқиға болды.
Өскеменде таңғы сағат сегіздер шамасында оқыс оқиға болды. Нақты айтсақ, Ворошилов көшесінің бойында Алматыдан әкелінген трамвайлардың бірі тағанынан тайып кетті. Қазір трамвайлар қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Алтайьнюске сілтеме жасап.
Бастысы, жүргіншілер дін аман.
– Трамвай жолдан баяу жылжып ғана шығып кеткен. Тіпті, іштегі адамдардың өзі ештеңе сезбей қалыпты, – дейді қалалық транспорт компаниясының (бұрынғы трамвай паркі) жетекшісі Владимир Панков.
Оның айтуынша, бұл трамвайдан емес, жолдың нашарлығынан болған жағдай.
– Өткен жолы ескі трамвайлардың бірі де дәл осылай жолдан шығып кеткен болатын, – деді Владимир Панков.
Осы оқиғадан кейін қала әкімдігі жолдың қираған бөліктерін анықтап, оларды жөндететіндігін айтты.
Айта кетейік, қазір қалада жүріп тұрған трамвайлар саны – 12. Оның 10-ы бұрынғы трамвайлар болса, екеуі Алматыдан әкелінген жаңа трамвайлар.