Мырзакент кентінде 4 эвакуациялық пунктте 2200 орын дайындалған.
Фото: tengrinews.kz
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында тағы 3 ауылға су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
1 мамыр күні сағат 5.20-да Сардоба су қоймасының бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Сардоба ауданының Қорғантеп елдімекенін су алып кетті. Бөгеттің бұзылуы кезінде су қоймасындағы су көлемін азайту мақсатында облыс басшылығының шешімімен орталық тармақ арнасы арқылы суды ағызу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Мақтаарал ауданының шекарасындағы Сардоба, ВС-1, ВС-1.1, ВС 1.1.9, ВС-1.1.7, ВС-18, Южный, Д-3, Қарой, Центральный коллекторлары суға толып қалды.
ӨР ТЖМ мәліметінше, 1 мамыр күнгі 20.15-те Сардоба су қоймасынан ҚР аумағына су ағызу тоқтатылған.
Мақтаарал ауданы шекарасындағы "Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)" өткізу қуаты секундына 120 м3 болса, ағын судвң қаттылығына қарай секундына 180 м3 болуы себепті су арнасынан шығып, 02.05.2020 жылы сағат 01-30 минут өткенде Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс және Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекеніне су басу қаупі туындады.
Жеңіс ауылында 288 тұрғын үй, 1922 тұрғыны бар. Оның ішінде 568 ер адам, 546 әйел адам, 808 балалар мен жасөспірімдер). Сондай-ақ, Жаңа тұрмыс ауылында 47 үй, 321 тұрғын бар. Оның ішінде 169 ер адам, 152 әйел адам, 132 балалар мен жасөспірімдер бар.
Тұрғындарды эвакуациялауға 6 автобус (300 адамдық), 4 камаз (120 орындық), ТЖД 6 техника мен 36 адам, полиция бөлімінен 7 техника мен 70 адам жұмылдырылды.
Мырзакент кентінде 4 эвакуациялық пунктте 2200 орын дайындалған.
Инженерлік жұмыстара 1 эксковатор, 3 погрузщик, 1 монипулятор жұмылдырылған.