Түркияға аттанатын қазақстандық құтқарушылар ауа райына байланысты ұша алмай отыр

0
491

Борт қалың тұманға байланысты Алматы әуежайынан кешіктіріліп жатыр.


Түркияға аттанатын қазақстандық құтқарушылар ауа райына байланысты ұша алмай отыр

ERNUR.KZ. Түркияға аттанатын қазақстандық құтқарушылар ауа райына байланысты ұша алмай отыр, деп жазады zakon.kz.

Бортта ұшқыштармен қоса, 41 адам – республикалық жедел-құтқару жасағының 33 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығының 5 қызметкері және министрдің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің үш өкілі болады.

"Сонымен бірге құтқарушылар ұшақтың бортына табиғи және техногендік апаттар кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қолданатын арнайы жабдықтармен жабдықталған техникаларды - КАМАЗ, УАЗ және ГАЗельді тиеді", - деді Zakon.kz редакциясына дереккөз.

Борт қалың тұманға байланысты Алматы әуежайынан кешіктіріліп жатыр.