"Түркология" атты монография әлемдік тілдерге аударылды

0
2 178

Әр біреуінің көлемі 28 баспа табақ, 450 бет.


ТҮРКОЛОГИЯ "Дүниежүзі түркологиясының тарихы" атты ұжымдық монография қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке-жеке кітап болып жарық көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ белгілі ғалым Дүкен Мәсімханұлының парақшасына сілтеме жасап.

"Әр біреуінің көлемі 28 баспа табақ, 450 бет. Бұл айтып-айтпай еліміздің гуманитарлық ғылым саласындағы елеулі жаңалық! Зор жетістік!
Аталған монографияның "Қытай, Жапония, Моңғолия түркологиясының тарихы" ("История тюркологии в китае, монголии, японии", "The history of turkology in china, mongolia, japan" ) атты 4-тарауын жазу бақыты бізге (телавтор қытайлық проф. Ху Чжэнхуа) бұйырды. Қал-қадари қалам тербедік... Алдағы уақытта бұл еңбек жас ұрпақ тамырының ұлт руханиятының топырағына терең бойлауына қызмет етеді деп толық сеніммен айта аламыз"
, деді профессор өз сөзінде.