"Түрмедегі той": Атырауда жазасын өтеп жатқан қыз тұрмысқа шықты (видео)

0
1 746

Күйеужігіт те бұрын шалыс басып, жазасын өтеп шыққан.


ERNUR.KZ. Атырауда түрмеде үйлену тойы өтті. Жазасын өтеп жатқан қалындық, бостандықтағы сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты. Қос ғашықтың тойына түзету мекемесіндегі қызметкерлер ғана куәгер болды. Алайда бостандықта ата-ана, бауырлары қолдау білдірген, деп хабарлайды Астана арнасы.

Моншақтармен көмкерілген ақ көйлек, әдемі фата, сәнді шаш үлгісі. Қалыңдық та, күйеу жігіт те сәнденіп алған. Азаматтық хал актілерін тіркеу маманы неке куәлігін табыстап, жас жұбайлар неке сақинасымен алмасты. Темір тордың ар жағында демесең, барлығы әдеттегідей.

"Мен ешқашан түзету мекемесінде тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Соған қарамастан бақыттымын. Оны сүйемін және болашағымыз жарқын болады деп ойлаймын", - дейді жазасын өтеуші Татьяна Киселева.

Күйеужігіт те бұрын шалыс басып, жазасын өтеп шыққан. Ол сүйгеніне жақын болуы үшін Ақтөбеден Атырауға қоныс аударып, осында жұмысқа орналасқан. Кездесуге келіп жүріп, нақты шешімді биыл көктемде ғана қабылдапты. Жастардың жоспарына ата-аналары қарсы болмаған.

"Анам қазір Санк-Петербургте, ағам да сонда. Олар біледі. Уайымдап жүр. Қуанып жатыр. Біз Татьянамен бір ауданда, бір көшеде тұрдық. Мен көшенің басында, ол аяғында тұрды. Ортақ таныстар, достар болғандықтан кездесіп қалып жүрдік. Бірақ басында бір-бірімізге назар да аудармаппыз. Кейін жүрегіміз бірге соқты. Татьянаны үнемі ойлап, уайымдаймын", -деді Атырау қаласының тұрғыны Вадим Кужбаев.

Татьяна әйелдер коллониясының тігін цехында жұмыс істейді. Тігіншілікті түрмеде үйреніпті. Оның үстіндегі көз тартар қалыңдық көйлегі, тіпті фатасы, қолғабы мен гүлі де өзімен бірге жазасын өтеп жатқан тағдырластарының еңбегі. Екі күннің ішінде тігіп берді деді. Болашағына сенімді жас-жұбайлар Татьяна бостандыққа шыққанда дүркіретіп той жасаймыз,- дейді.

"Менің екі жылым қалды. Бірақ рақымшылықтан үміттімін. Президентке рақымшылық сұрап жаздым", - дейді қалыңдық.

УГ 157-де 11 мекемесі басшылығының айтуынша, Татьяна тігін цехы қызметінен бөлек, мекемедегі барлық тәрбиелік-мерекелік шараларға белсене қатысады. Осыған дейін 7 алғыс хат алып үлгерген.

"Бұл кісі әйел азаматшаны өлтірген бостандықта. Өзінің танысы бірге жүрген, әртүрлі себептермен осындай жағдай болған. 13 жыл мерзім берген бұл кісіге. 13 жылдың жарты уақытын отырып тұр ғой. Бұл кісіге 2 жылдан кейін 2022 жылы уақытынан бұрын босату деген бар. Ұсынысты, мінездемесін судьяларға жолдаймыз. Судьялар бұл кісінің өмірбаянымен танысып, бостандыққа шығуы мүмкін", - деді УГ157/11 мекеме бастығының орынбасары Руслан Сұлтанов.

Неке қию рәсімінен соң Вадим үйіне қайтты. Ал Татьяна отрядына оралды. Енді олар екі ай сайын екі күнге кездесіп тұра алады. Қазір мұнда 100-ден астам әйел жазасын өтеуде. Соңғы екі жылда 10 сотталушы өз қалауымен тұрмысқа шыққан. Айта кетейік, сотталушылардың 60 пайызы 30 жасқа дейінгі қыз-келіншектер.