"Туысы жындыханаға жапты" делінген 5 баланың анасы баспаналы болды

0
77

Ақтөбелік Жұлдыз Тлеуф пен оның 5 баласы жаңа пәтерге қоныстанды.


ERNUR.KZ. Бұл туралы үйдің тұңғышы Құралай Есболатова өз парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz


Ақтөбе қаласының тұрғыны Құралай Есболатова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті.

Оның айтуынша, қоғамдық қор атынан пәтер берілген.

“ Тосын сый болды. Көптен күткен күніміз. Керемет күннің, керемет өмірдің бастауы болып жатыр. Қазақ еліне алғыс айтамын. Бізді қолдап, осындай күнге жеткізді”, – деді отбасының тұңғышы Құралай Есболатов.