ҰБТ-да жоғары ұпай алғандарға арнайы сыйлық табысталады

0
998

Ұлттық тестілеу орталығы биылғы бірыңғай тестілеуде максималды 140 балл жинаған мектеп түлектеріне сыйлық береді.


ҰБТ-да жоғары ұпай алғандарға арнайы сыйлық табысталады

ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығы биылғы сынақта максималды 140 балл жинаған мектеп түлектеріне арнайы сыйлық дайындап қойды. Бұл туралы орталық директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Биыл ҰБТ-да ұпайды әділ жинаған әрбір түлек керемет, супер-заманауи, 4 жылда ескірмейтін, соңғы модельдегі ноутбукты сыйлыққа алады!", - дейді Дидар Смағұлов.

Орталық басшысы тестілеу кезінде түсірілген әрбір бейнежазба мұқият талданатынын ескертті. Осы жұмыс 25 тамызға дейін жасалады. Егер өтініш берушінің тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталса, тест пен конкурстың нәтижесі жойылады. Бұдан бөлек, әрбір аудитория тікелей эфирге қосылып тұрады.
Айта кетейік, биыл ҰБТ-ға бірқатар өзгеріс енгізілген болатын. Атап айтқанда, бұған дейін тыйым салынған заттар табылса, мектеп түлегін тест тапсыруға жіберген. Енді, металлөткізгіштен өту кезінде тыйым салынған заттар анықталған жағдайда мектеп түлегі тестке жібірлмейді. ҰБТ-ны тек келесі жылы ғана тапсыруға мүмкіндік беріледі.