Үйір-үйір жылқы айдаған қыз Желіде танымал болды

0
1 020

Асыл Ахметова желіде ауылдың тыныс-тірлігін баяндап, жайлаудағы күндері туралы айтады.


Үйір-үйір жылқы айдаған қыз Желіде танымал болды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында мал бағып, ауылдағы өмірді көрсеткен қыз әлеуметтік желілерді бағындырып жатыр. Озерное ауылының тұрғыны Асыл Ахметова жайылымдағы күнделікті өмірі туралы TikTok-та видео жариялайды, деп хабарлайды Хабар24.

24 жастағы қыз Желіде қысқа видеолар жариялайды. Ол ауылдағы өмірі туралы айтып, жылқы бағып, халық әндерін шырқап видео түсіреді.




Асыл 7-сыныптан бастап ата-анасына мал бағуға көмектеседі. Елордада оқуын аяқтаған соң, туған ауылына оралып, мектепке жұмысқа тұрған. Бос уақытында мал бағуға көмектеседі. Қыз атқа мініп қана қоймай, сонымен қатар мотоцикл жүргізе алады.

Асыл өмірін жылқы жануарынсыз елестете алмайтынын мойындайды. Қыздың әкесі видео түсіріп, блог жүргізуге көмектеседі екен.

Асыл жеке фермасын ашып, әлеуметтік желі қолданушыларына ауылдағы өмірді көрсеткісі келеді. Сонымен қатар, оған танымалдық маңызды емес, ең бастысы - ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтау.