құтқарушылар көпбалалы және аз қамтылған 10 отбасыға ыс иісі пайда болғанда белгі беретін құрылғыларды тегін орнатқан.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп жазады ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, құтқарушылар көпбалалы және аз қамтылған 10 отбасыға ыс иісі пайда болғанда белгі беретін құрылғыларды тегін орнатқан. Жеке үйлерде пештердің ақауы салдарынан төтенше жағдайлар жиі болады. Тұрғындар ыс иісінен уланулары мүмкін. Құрылғы осы қауіптен сақтандырады.
«2019 жылдың басынан бері Ғ.Мүсірепов ауданы аумағында 4 өрт тіркелді. Одан 1 адам мерт болды. Жылыту маусымы басталғалы бері 4 адам ыстан уланды», - деді баспасөз қызметі.