Үкімет басшылары сүйіктілеріне сараң емес пе?

0
1 515

​8 наурыз қыз-келіншектердің асыға күтетін мерекесі. Бұл күні нәзікжандылар ер азаматтардан гүл шоғын күтетіні рас. Ал Үкімет басшылыры сүйіктілеріне сараң емес пе? Олардың мерекеде жұбайларына қандай сыйлық ұсынатындығын Tengrinews.kz анықтады.


Үкімет басшылары сүйіктілеріне сараң емес пе?

фото: ашық дерекөзден

8 наурыз қыз-келіншектердің асыға күтетін мерекесі. Бұл күні нәзікжандылар ер азаматтардан гүл шоғын күтетіні рас. Ал Үкімет басшылыры сүйіктілеріне сараң емес пе? Олардың мерекеде жұбайларына қандай сыйлық ұсынатындығын Tengrinews.kz анықтады.

Үкімет басшыларына сыйлығыңыз дайын ба деген сауалға жауап дер кезінде берілмеді. Өйткені бұл сұраққа олар ұзақ ойланып, жұбайына не керек екеніні еске түсіріп отырса, кейбірі сыйлық алуға уақыт тапшылығын алға тартады.

Мәселен, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко сүйіктісіне жаңа көйлек сыйлайтындығын айтты. «Көйлектері гардеробқа сыймайтын халге жетсе де, киетін ештеңе қалмады деуден танбайтын әйелім бұдан бас тартпайды».

ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек әлі ой үстінде. «Үш қызым мен жарым әр мерекеде гүл құшақтап келетінімді біледі. Бұл жолы жаңалық жасап, ерекше не ұсынсам деп жүрмін» екен.

Сырты Істер Министрі Қайрат Әбірахманов не сыйлық жасалса да шын көңілден ұсынылса жеткілікті деп атап өтті. «Гүл мен иіссусыз мейрамның сәні жоқ деп ойлаймын. Ал немерелеріме түрлі кітаптар алып беремін» дейді.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жарына тек гүл сыйлаймын деп қысқа қайырса, Сенатор Дариға Назарбаева спикер Қасым-Жомарт Тоқаевтың әріптес қыздар қауымына «раушан гүлін» сыйға тартып, құттықтап қойғанын жеткізді. Одан бөлек ұл-қыздары мен немерелерінің де қолдан жасаған ойыншықтары мен құттықтау хаттарына шексіз қуанғанын жеткізді. «Қазақстандағы әрбір отбасындағы әйел секілді гүл шоғын алғаныма мен сондай ризамын», деді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Мәжіліс Депутаты Глеб Щегельский көпшіліктің пікіріне қосылады. «Көктемнің алғашқы мерекесі гүлмен сәнді деп есептеймін. Өзім ақтөбелікпін. Бала күнімізде велосипед мініп, қала сыртына шығып, қызғалдақ теріп келетінбіз. Бұл уақыт тәтті естелігімен санамда жаңғырып тұр. Сондықтан жарыма гүл сыйлауды дәстүрге айналдырдым. Ал Россияда оқитын қызыма ақша аударып жіберуді дұрыс көремін».

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мерекеге елден бұрын дайындалатындардың бірі. «8 наурызды керемет мереке деп есептеймін. Алдымен ата-анамды қалағанын алып беріп, ақжарма тілегімді арнап, құттықтаймын. Ал үйде ұлдарыммен анамызға өлең-шумақтарын жазып, қолдан бұйымдар жасап сыйлаймыз» деді ол кісі.

Депутат Зағипа Балиева отағасынан қандай сыйлық алатынын біліп отыр. «Күйеуімнің бұл күні маған көңіл бөлгенін қалаймын» дейді.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин сыйлық таңдауға жеңіл қарайды екен. «Жарымды дүкенге ертіп апарып, қалауын сатып әперуге тырысамын. Мерекеде тәттілерді көбірек алып, үйді гүлмен көмкеріп қояға тырысамын».

Сыйлық алғанды жақсы көрмейтін әйел заты жоқ шығар?! Әйтсе де, шын көңілден ұсынылған гүлдің өзі барлық нәзікжандының төбесін көкке жеткізері анық.

ERNUR.KZ