Министр зерттеуге қатысты сын көбейгенін айтты.
ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек уақыт белдеуінің денсаулыққа әсерін анықтауға арналған үш жылдық зерттеу жүргізілмейтінін айтты, деп жазады stan.kz.
Министр зерттеуге қатысты сын көбейгенін айтты.
"Былтыр сын болды. 161 миллион теңгеге өтініш жіберілген, бірақ нәтижесінде 60 миллион теңге шықты. Біз байқау өткізбеу туралы шешім қабылдадық, ақша жұмсалған жоқ. 6 бағыт бойынша мониторинг ғылым институттарының, министрлік және әкімдік сарапшыларының есебіне жүргізілді. Мониторинг уақыт белдеуінің ауысуы әсер етпегенін көрсетті", – деді министр Саясат Нұрбек.
Еске салайық, Қазақстан үкіметі елдегі бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеудің қорытындысын жариялаған еді.
"Денсаулық сақтау саласы бойынша 100 мың адамға есептелген қала және ауыл тұрғындарымен қатар түрлі жастағы азаматтар қамтылды. Энергия тұтыну бойынша электр энергиясын тұтыну статистикасын, оның ішінде ең жоғары жүктемелерді және бүкіл ел бойынша электр энергиясын тұтыну салыстырылды. Еңбек қызметі бойынша, орындалған жұмыс көлемі, кешігу және сабаққа келмеу жағдайлары, жарақаттар мен тәртіп бұзу жағдайлары қамтылған", – деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.