Жедел зерттеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 "Макаров" тапаншасын және оның 1300-ден аса патронын алды.
ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрі жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар этникалық қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп жазады sputniknews.kz.
2020 жылдың 27 ақпанында комитеттің "А" арнайы мақсаттағы қызметі мен полиция департаментінің "Арлан" арнайы бөлімшесінің күшін тарта отырып, операция жүргізу барысында трансұлттық қылмыстық топқа қатысушылар ұсталды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Жедел зерттеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 "Макаров" тапаншасын және оның 1300-ден аса патронын алды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.