ҰҚК екі қылмыстық топ туралы ақпарат жариялады

0
748

Топ қатысушыларының тұрғылықты жері бойынша тінту барысында қарудың 11 түрі , 200-ден артық оқ-дәрі алынды.


ҰҚК екі қылмыстық топ туралы ақпарат жариялады

2020 жылғы 27 мамырда ҚР ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған.


Екі ҰҚТ-ның белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар, кейбіреулері «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың жетекшілерімен байланыста болған.


Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрлері, 200-ден артық оқ-дәрілер тәркіленді.


Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.