ҰҚК қару жасайтын цех ашқандарды ұстады

0
753

Екі келі жарылғыш зат сатпақ болған кезінде қолға түскен.


ҰҚК қару жасайтын цех ашқандарды ұстады

ERNUR.KZ. Рудныйда жарамсыз қаруларды ұрыс қаруына айналдыруға арналған мини-цех ашқан екі ер адам бас бостандығынан айырылды. Олар биыл сәуірде екі келі жарылғыш зат сатпақ болған кезінде қолға түскен, деп жазады tengrinews.kz.

"29 тамызда Қостанай облысы Рудный қалалық сотында жарамсыз қаруды ұрыс қаруына айналдыруға арналған мини-цех жасаған Д. Басакин мен А. Стенинге ұрыс қаруы мен жарылыс заттарын заңсыз сатқандары үшін үкім шығарылды", - дейді ҰҚК-де.


Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 287 және 291-баптары бойынша айыпты деп танылып, әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта фигуранттардың бірі іздестіріліп жатыр.