ҰҚК Шекара қызметі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шекара өткелдеріндегі қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ететінін айтты.
ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК ШЖҚ) Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайды ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
"Бүгінде Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы Қазақстанға келетін шетел азаматтарының саны артып отыр.
Қолданыстағы 30 автокөлік бақылау бекеті қалыпты жұмыс істеп тұр. Жолаушылар мен көліктер ағынының артуына байланысты кептеліс байқалады. Жағдай ерекше бақылауда", - деді министрліктің баспасөз қызметі.
ҰҚК Шекара қызметі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шекара өткелдеріндегі қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ететінін айтты.
"Ресей шекара қызметімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өз қызметінде халықаралық шарттар мен Қазақстанның ішкі заңнамасының нормаларын басшылыққа алады", - делінген хабарламада.