ҰҚК халықаралық схеманы ашып, Қытайдың 13 азаматын ұстады

0
114

Тексеру барысында ұсталғандардан көптеген компьютерлік техника, мобильді телефондар, Starlink спутниктік интернет-байланыс жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды.


ҰҚК халықаралық схеманы ашып, Қытайдың 13 азаматын ұстады

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қазақстан заңнамасын бұзып жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады. Ведомство мәліметінше, шетелдіктер халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырған, деп жазады tengrinews.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында ұсталғандардан көптеген компьютерлік техника, мобильді телефондар, Starlink спутниктік интернет-байланыс жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтық схема өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.

ҰҚК баспасөз қызметінің фотосы

Ұсталғандардың кейбірі іздеуде болған

ҰҚК Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі серіктестерімен бірлесіп әрі қарай тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ұсталғандардың кейбірі өз отанында осыған ұқсас қылмыстары үшін іздеуде жүргені анықталды.

16 қазанда Қытай азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстаннан шығарылып, әрі қарай тергеу амалдарын жүргізу үшін ҚХР-дың құзырлы органдарына тапсырылды.