ҰҚКД арнайы жасағының қылмыскерлерді ұстаған сәті видеоға түсіп қалған

0
968

Қылмыскерлер адам ұрлап, ол үшін ақша бопсалған.


ҰҚКД арнайы жасағының қылмыскерлерді ұстаған сәті видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде ҰҚКД арнайы жасағының қызметкерлері Атыраудағы авангардтағы бес қабатты тұрғын үйдің ауласында үш ер адамды шалшық суға жатқызып қойып, оларды ұстап жатқан сәт бейнеленген видео таралды, деп жазады Zakon.kz.

Белгілі болғандай, олар қылмыстық әрекеттерін жасырмай, адам ұрлап, ол үшін ақша талап еткен "сәләфизм" деструктивтік діни ағымның ұстанушылары екен.

"1990 және 1991 жылдары туған үш азамат 16 сәуір күні С. Я. есемді Өзбекстан азаматына зорлық көрсетіп, оны пәтерінен ұрлап әкеткен. Сосын ұрланған азаматтың досы М.С. есімді Өзбекстан азаматынан 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған. Қаскөйлердің бұған дейін М.С. есімді азаматты қорқыту арқылы одан 100 мың теңге көлемінде ақша алғандары анықталды", деп хабарлап отыр Атырау облыстық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының өкілдері.

Ұсталғандардан жәбір көргендерге тиесілі ақша мен заттар, сонымен қатар ұрланған адамды ұрып-соққан нунчаки және жапа шеккендердің біріне тиесілі "Лада Ларгус" автокөлігінің кілті тәркіленді. Адам ұрлау және ақша бопсалау деректері бойынша ұсталған үш адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, іс материалдары Полиция департаментіне тапсырылды.

19 сәуір күні Атыраудың мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді терегеу изоляторына екі айға қамауға алу бойынша санкция шығарған. Олар істеген қылмыстарын мойындап отыр.