Ұлттық банк алтын бағасын қымбаттатты

0
99

1 граммның бағасы 63 мың теңгеден асты.


Ұлттық банк алтын бағасын қымбаттатты

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Ұлттық банк алтын бағасын тағы көтерді, деп жазады ulysmedia.kz.

Қазақстанда алтын құны жаңа деңгейге көтерілді: 1 граммның бағасы 63 мың теңгеден асты. Әлемдік нарықта (Forex) голд құны унциясына (31,1 г) 3700,2 долларға жетіп, тарихи рекорд орнатты. Алтын алғаш рет 1/3700 көрсеткішін сынап көрді.

Алдағы 36 сағат ішінде АҚШ Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайды.

Қазірдің өзінде S&P индексі жаңа рекордқа жетті, АҚШ-та инфляция күшейіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, Дональд Трамптың қысымы да әсер етуде, ал нарық ертеңгі күні мөлшерлеменің төмендейтініне толық сенімді.