Қаңтарда теңге 05, пайызға нығайды.
ERNUR.KZ. Ұлттық банк мәліметінше, қаңтар айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 460,52 теңгеге дейін 0,5%-ға нығайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 141-ден 103 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бір ай ішінде валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болды, айырбастау бағамы нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасқан.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы өткен айда шамамен 453 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сатуды өз алдына дербес жүргізді.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату қаңтарда 228 млн АҚШ долларын құраған.
Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 11,1% болды және бір күнде 12 млн АҚШ долларынан аспаған.
«БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк қаңтарда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жүзеге асырды, оның жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 5,8%-ды құрады», - дейді мамандар.
Қаңтарда Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.