Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Берік Шолпанқұлов Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
2019 жылдың наурызынан бері Шолпанқұлов қаржы министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "экономист-есепші" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылықтың Касса қаражаты және мемлекеттік борыш басқармасы қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы болып бастаған. Әр жылдары ол Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. 2008-2014 жылдар аралығында қаржы вице-министрі болып жұмыс істеген. 2014-2016 жылдары қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.
2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың наурызына дейін қаржы вице-министрі болған.