Ұлттық қордан үш жылда 12 трлн теңгеге жуық ақша алынады

0
95

2027–2029 жылдары Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемі 5 трлн теңгеге ұлғайтылып отыр.


Ұлттық қордан үш жылда 12 трлн теңгеге жуық ақша алынады

фото:Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов алдағы үш жылда ұлттық қордан алынатын қаржының көлемін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Оның айтуынша кепілдендірілген трансферт көлемі 2027 және 2028 жылдары 2 трлн 430 млрд теңге, ал 2029 жылы 2 трлн теңге көлемінде айқындалып отыр. Яғни үш жылда 6,86 трлн теңге бөлінеді.
Бұдан бөлек, аса маңызды нысандар мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге және 2028 – 2029 жылдары әр жылға 1,5 трлн теңге – барлығы 5 трлн теңге нысаналы трансферт қарастырылған. Осылайша 2027–2029 жылдары Ұлттық қордан жалпы көлемі 11,86 трлн теңге қаржы алынады.
"Үкімет жоспарына сәйкес, қаражат әлеуметтік, коммуналдық, энергетикалық және көлік инфрақұрылымы объектілерін қаржыландыруға бағытталады", - деді Сүлейменов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, 2025 жылы ұлттық қордан 5,7 трлн теңге, ал 2024 жылы 6 трлн теңгеден артық қаражат алынған болатын.