12 жастағы бала ескек есу бойынша жаттығу кезінде аударылып кеткен.
21 шілдеде астанадағы саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы суға тұншығып, көмекке шақырған баланы байқаған.
Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығына хабар беріп, кейін өзі киімін шешіп, суға секірген.
Белгілі болғандай, с жел екпінінен каноэсі аударылып, суға бата бастаған.
Сарбаз оны құтқарып қалды.