Ер адамның айтуынша, шатыр ішінде отырғанында қатты гүріл естіген.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Талғар шатқалында шетелдік турист селдің астында қала жаздап, қайғылы оқиғадан ғажайып жағдайда аман қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әлеуметтік желілерде өзен арнасынан асып, су, лай мен тастар аралас қатты ағынның туристер шатыр тіккен орынды басып қалған сәті түсірілген видео тарады.
Ер адамның айтуынша, ол шатыр ішінде болған кезде қатты гүріл естіген. Турист дереу сыртқа жүгіріп шығып, беткеймен жоғары көтеріліп, ағаштардың арасына жетіп үлгерген. Аяқ киімі шатыр ішінде қалып, жалаң аяқ шыққан.
Жарияланған мәліметке сәйкес, оқиға 2026 жылғы 1 шілдеде болған. Видео авторы – әлемді аралап жүрген ұлыбританиялық турист. Куәгерлердің айтуынша, сел ағыны оны шатырымен бірге ағызып әкете жаздаған.
Талғар шатқалы Алматы қаласына жақын орналасқан және Іле Алатауы жотасының құрамына кіреді.


