Ұлытау облысында жас жігіт суға батып кетті

0
477

​Ол достарымен бірге демалуға барған.


Ұлытау облысында жас жігіт суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ұлытау облысында достарымен бірге демалып жүрген жас жігіт суға батып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«30 шілдеде, сағат 17:30-да Кеңгір су қоймасының солтүстік-шығыс жағалауында 2000 жылы туған жас жігіт тыйым салынған жерде суға түсу кезінде батып кетті. Оқиға туралы құтқарушыларға бірге демалыста болған достары хабарлаған. Құтқарушы-сүңгуірлер суға батқан адамның денесін жағадан 8 метр қашықтықта, 3,5-4 метр тереңдіктен тапты. Бұл жерде су қоймасының түбі бір келкі емес, тереңдікте күрт төмендейді. Жанында болған куәгерге ӘҚБК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жаза белгіленді», - делінген хабарламада.

Ұлытау облысының ТЖ департаменті шомылу кезеңінде қайғылы жағдайға жол бермеу үшін судағы ережелерді сақтауды ескертеді.