Биыл осының нәтижесінде 80-нен астам отбасы биыл қоныс тойын тойлайды.
ERNUR.KZ. Абай облысының Үржар ауданында 1200-ге жуық адам баспана кезегінде тұр. Бүгінде ауданда қос пәтерлі 41 үйдің құрылысы аяқталуға жақын, деп жазады baq.kz.
Биыл осының нәтижесінде 80-нен астам отбасы биыл қоныс тойын тойлайды. Жаңа баспаналардың барлығы 2025 жылға дейін халық игілігіне беріледі. Бұған бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Баспаналар ипотекалық бағдарлама қатысушылары мен кезекте тұрғандарға үлестіріледі. Жергілікті әкімдік барлық жұмыс кестеге сай жүріп жатқанын айтып отыр. Келер жылы тұрғын үй құрылысы шалғайдағы елді мекендерде қарқын алады.
Бүгінгі күні 19 үй Үржар ауылында салынып жатыр, яғни аудан орталығында. Қалған тұрғын үйлер елді мекендерде салынып жатыр. Жалпы 12 ауылда тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Келесі жылы осы тұрғын үйлерді санын көбейтеміз деп отырмыз. Биылғы жылы бірінші рет ауылдарда салынып отыр. Осы жұмыстар жалғасады, - дейді аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және АЖ бөлімі басшысының м.а. Бейбіт Ахметов.