Көршілес елде қытайлық кәсіпорындардың үлесі басым.
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform
ERNUR.KZ. Ұлттық статистика комитетінің 1 мамырдағы есебіне сай, Өзбекстанда шетелдік капиталмен 19 490 компания жұмыс істеп тұр, деп жазады inform.kz.
Одан кейін 3 308 компаниямен Ресей тұр. Үштікті Түркия түйіндейді. Аталған елдің кәсіпкерлері Өзбекстанда жалпы саны 2 216 кәсіпорын құрған.
Сонымен қатар қазақстандық инвесторлардың да белсендігілі байқалады. Атап айтқанда, ақпаннан мамырға дейін біздің ел Өзбекстанда 38 кәсіпорын ашты. Осылайша, қазір ресми Ташкентте қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар саны 1 259-ға теңелді.


