«Үш бала әкесіз қалды»: Қарағандыда пойыз жол жөндеушіні қағып өлтірді

0
60

Қарағанды облысында «Қазақстан темір жолы» компаниясының қызметкері қаза тапты.


«Үш бала әкесіз қалды»: Қарағандыда пойыз жол жөндеушіні қағып өлтірді

Фото: ЖИ

ERNUR.KZ. Жаңа-Қарағанды станциясында пойыз жол жөндеушіні қағып, ол оқиға орнында қаза тапты. Бұл теміржолдағы алғашқы өлім жағдайы емес, деп жазады ulysmedia.kz.

Қарағанды облысында «Қазақстан темір жолы» компаниясының қызметкері қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, Жаңа-Қарағанды станциясында электровоз жол жөндеушіні қағып кеткен.

Желіде марқұмның артында үш баласы қалғаны, олардың бірінің мүгедектігі бар екені айтылып жатыр.

Компания оқиғаның болғанын растады. Қазір мән-жайы анықталуда.

– 2026 жылғы 3 мамырда сағат 02:03-те Жаңа-Қарағанды станциясында жол жөндеушіні басып кету дерегі тіркелді. Оқиға туралы ақпарат дереу Қарағанды - Сортировочная станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланды. Жауапты басшы мен компанияның бас инженері оқиға орнына жедел шықты. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық және өндірістік тұрғыда ресми баға беріледі, – деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі Ulysmedia.kz редакциясына.

КОНТЕКСТ
Бұған дейін де Қарағанды облысындағы Шешенкара–Қаражанғыл аралық өткелінде жүк пойызы төрт теміржолшыны басып, мерт қылған.

Шешенкара-Қаражанғыл аралық өткелінде жүк пойызы жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан жолшылар бригадасымен соқтығысты. Оқиға 10 желтоқсанда сағат 17:15-те болды.

ҚТЖ мәліметінше, қауіпсіздік шараларының сақталғанына және машинистің шұғыл тежеу жасағанына қарамастан, қайғылы оқиғаны болдырмау мүмкін болмаған – төрт жұмысшы көз жұмды.