Үсік, бұршақ, жаңбыр: республиканың басым бөлігінде ескерту жарияланды

0
127


Үсік, бұршақ, жаңбыр: республиканың басым бөлігінде ескерту жарияланды

Photo : СС0 / oldperm


ERNUR.KZ. “ Қазгидромет" РМК деректері бойынша елдің басым бөлігінде үсік, жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және дауыл сияқты қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар күтілуде, деп жазады sputnik.kz.
25 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде үсік жүреді. 26 мамырдаоблыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік, 26 мамырда 1-6 градус үсікболжанып отыр.
Астана қаласында 26 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

25 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 2 градус, 26 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 2 градус үсіккүтіледі.
26 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік болжанып отыр.
26-27 мамырда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
26-27 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік жүреді.
27-28 мамырда түнде Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.