"Үтікпен ұрып, тістеп алған": Павлодар облысында ашулы адам полицейге шабуыл жасады

0
1 424

Билік өкіліне қорқыту немесе күш көрсету бойынша қылмыстық іс қозғалды.


ERNUR.KZ. Павлодар облысында ашулы адам үйіне барған полицей қызметкерін үтікпен ұрып, тістеп алған, деп жазады stan.kz.

Деректерге сай Ақсу қаласының тұрғыны мас ұлының жанжал шығарып, агрессиялық әрекеттер жасап жатқанын айтып, полицияға хабарласқан.

"Көрсетілген мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын елемей, өзін агрессивті ұстап, полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен. Кейін үтікпен учаскелік полицейдің басынан ұрып, оның білегін тістеп алған", - деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі (Билік өкіліне қорқыту немесе күш көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.