Видеотіркегішсіз жолға шығуға тыйым салынған

0
981

Полицейлерге видеотіркегішсіз жолға шығуға тыйым салынады


Видеотіркегішсіз жолға шығуға тыйым салынған

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақстанда жол-патрульдік полицейлердің 97 пайызы видеотіркегішпен қамтылған. Бұл туралы Сенаттың пленарлық отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Тұрғымбаев депутаттарға патрульдік жасақ жұмысын ұйымдастыруды қайта қарау туралы айтып берді.

Енді жеке құрамның 70 пайызы қоғамдық тәртіпті сақтауға, ал 30 пайызы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.

"Жол қозғалысын бақылауды автопатрульдер қамтамасыз етеді. Жол-патрульдік полицейлеріне видеотіркегішсіз жолға шығуға тыйым салынған. Бізде жеке құрамның 97 пайызы видеотіркегішпен қамтамасыз етілген. Ол жүргізушінің жол ережелерін бұзғанын ғана емес, патрульдік полицейдің әрекеттері мен жолдағы барлық жағдайды бақылап отырады", - деді ол.