Вице-премьер елордадағы карантиннен кейін қызметін қайта бастаған нысандарды аралады

0
405

Нысандарды аралау барысында кәсіпкерлер сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін, ал базарлардың жұмыс режимін сағат 20:00-ге дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыру жөнінде бастама көтерді.


Вице-премьер елордадағы карантиннен кейін қызметін қайта бастаған нысандарды аралады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдерімен қатаң карантиндік шектеу шараларын жеңілдетудің бірінші кезеңі аясында қызметін қайта бастаған бірқатар нысанның санитарлық-эпидемиологиялық және термометрия талаптарының сақталу барысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру «Mega Silk Way» сауда және ойын-сауық орталығында, «Эталон» сауда-құрылыс базарында және Нұр-Сұлтан қаласының орталық базарында жүргізілді.

Нысандарды аралау барысында кәсіпкерлер сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін, ал базарлардың жұмыс режимін сағат 20:00-ге дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыру жөнінде бастама көтерді.

Е. Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін ведомствоаралық комиссияның отырысында сауда нысандарының жұмыс уақытын ұзарту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсынысын шығаруды тапсырды.