WhatsApp дауысты хабарды мәтінге айналдыратын болады

0
927

Егер дауысты хабар ұзақ болса, оның мәтіні керек жерін ғана таңдауға болады.


WhatsApp дауысты хабарды мәтінге айналдыратын болады

ERNUR.KZ. WABetaInfo порталы хабарлағандай, мессенджерде көптен күткен опция – дауысты хабарды мәтін түрінде транскрипциялау технологиясы әзірленгені туралы ақпарат пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Мұндай функция қазір ВКонтакте әлеуметтік желісінде бар, онда дауысты хабарлар чат ішінде автоматты түрде шифрландырылады.

WhatsApp-тың функциясы әзірге көпшілікке қол жетімді емес. Бірақ әзірлеушілер iPhone-ға орнатылған WhatsApp-та дауысты қысқа хабардың мәтінге қалай айналатынын көрсетті.

Дауысты хабар алғаш рет мәтінге айналдырылған соң WhatsApp дерекқорында сақталады. Соның арқасында кейін мәтінді қайта оқу қажет болса, оның жүктелуін ұзақ күтпейсіз.

Деректерге сенсек, мәтін онлайн-режимде түсіріледі. Егер дауысты хабар ұзақ болса, оның мәтіні керек жерін ғана таңдауға болады.

Бұл функцияның смартфондарда нақты қашан пайда болатыны және қандай тілдерді танитын болатыны әлі белгісіз.