Мессенджер әзірлеушілері бір реттік фотосуреттер мен бейнелерді скриншот пен экран түсірілімін жасауға тыйым салады.
ERNUR.KZ. Танымал WhatsApp әлеуметтік желісінде пайдаланушының жеке құпиялылығы жақсырақ қорғалады, деп жазады stan.kz.
Мессенджер әзірлеушілері бір реттік фотосуреттер мен бейнелерді скриншот пен экран түсірілімін жасауға тыйым салады.
Скриншот жасауға тырысса, “қауіпсіздік саясатына байланысты бұл әрекетті орындау мүмкін емес” деген хабарлама пайда болады.
Егер пайдаланушы арнайы қосымшаларды пайдалануды шешсе, нәтижесінде оның жазбасында тек қара экран болады.
Функцияның іске қосылу уақыты белгісіз.