Байқау шарттары Діни басқармаға қарасты сайттарда алдын-ала жарияланған-ды. Қазылар киім үлгісінің ыстық мекенде ыңғайлы, әрі дизайны қазақи нақышта болуына көп көңіл бөлді.
МДБ Қажылық қорының бастамасымен қажылардың жаңа киім үлгісіне жарияланған дизайнерлер арасындағы байқау өз мәресіне жетті,деп хабарлайды ERNUR.KZ Діни басқармаға сілтеме жасап
ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ қажылық қорының директоры Айдар Салқынбаев және басқа да қажылық компанияларының басшылары қазылық еткен байқауға 14 дизайнер қатысып, бақтарын сынады.
Байқау шарттары Діни басқармаға қарасты сайттарда алдын-ала жарияланған-ды. Қазылар киім үлгісінің ыстық мекенде ыңғайлы, әрі дизайны қазақи нақышта болуына көп көңіл бөлді. Осындай талаптардың үдесінен шыға білген «Абырой КЗ» фирмасы тіккен киім ерекше деп танылып, бас жүлдеге ие болды. Жеңімпазға Ұмра қажылығына тегін жолдама берілді.
Ендігі кезекте қажылық фирмалары қажыларды осы белгіленген үлгідегі киіммен қамтамасыз етулері тиіс.