14 жасқа дейінгі қыздар арасында Зарина Нұрғалиева үздік шықты.
ERNUR.KZ. Индонезияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында шахматтан Қазақстан құрамасы жақсы өнер көрсетті. Жас шахматшыларымыз жеңіп алған үш жүлденің біреуі – алтын. Оны Зарина Нұрғалиева жеңіп алды, деп жазады zakon.kz.
Республикалық шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Зарина Нұрғалиева үздік шықты.
Бұл үш жүлде қазақстандық шахматшыларға 2022 жылғы Чемпионатта командалық есепте үшінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.