​Жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық​ - Айгүл Орынбек

0
6 493

Жастарға тәрбие беру мақсатында түсірілген шағын фильм қоғам арасында үлкен дау туғызды.


​Жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық​ - Айгүл Орынбек

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер, блогер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен "қысқа белдемшелі қыз" туралы роликке қатысты ойын айтты.

Бұл туралы заңгер facebook парақшасында жазды.

"Иман шүберекте емес, жүректе! Нәпсіңе ие бола алмасаң сені ешқандай шүберек тоқтата алмайды! Қызды скотчтап қойсаңда, зорлық жасағысы келген еркек жасайды! Қазақстанда талақ құрбандары өте көп! Алты рет неке қиған, бірінен талақ алып екіншісімен неке қидырып, бір-біріне сыйланып жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық? Тек киімінде ме? Қолына қару ұстаған адам, адам өлтіре алмауы мүмкін! Қолына қару ұстамай ақ адам өлтіретіндер бар! Киім киіп иманды болып көрініп жүз жігітті суғарып жүргендер бар.

Ашық киініп арына ие болып жүрген қыздар да бар! Мәселе киімде емес, Шымкент Жастар орталығы сәләфиттер ордасына айналған ба? Астыртын кімдердің идеологиясын жүргізіп отыр? Қалайша бұндай роликтің шығуына жол берген? Жастарға не тәрбие беріп жатсыңдар? Ертең кез келген миы уланған жас көшеден көлікке қызды отырғызып алып, осылай қорқытып үркітіп, ұрып соқса ше? Кім жауап береді? Мұхамеджан Тазабектің өңірлерді аралап, жастарға лекция оқығанынан қорқып едім. Міне нәтижесін беріп жатыр! Шымкент қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мына видео роликтің таралуына қалайша жол бердіңіздер?", - дейді Айгүл Орынбек.

Айта кетейік, жастарға тәрбие беру мақсатында түсірілген шағын фильм қоғам арасында үлкен дау туғызды. Бүгін осы мәселе бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев және «TALAS FILM» киностудиясының директоры, режиссер Серік Таласов брифинг өткізіп, жұртты толғандырған сұрақтарға жауап беріп, фильмге түсініктеме берген болатын.