Жамбыл облысы Қаратау қаласында 8 жастағы бала жоғалды

0
2 296

Барлық облыстарға шұғыл түрде бағыттама беріліп, жедел-іздестіру топтары құрылды.


Жамбыл облысы Қаратау қаласында 8 жастағы бала жоғалды

ERNUR.KZ. 24 сәуірде Талас аудандық полиция бөліміне Қаратау қаласының Л. есімді тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған 2010 ж.т. қызы мектептен кейін үйге оралмағанын айтты, деп жазады Zakon.kz.

Аталған дерек бойынша қалалық, аудандық полиция бөлімдері мен барлық облыстарға шұғыл түрде бағыттама беріліп, жедел-іздестіру топтары құрылды. Олар қараусыз қалған үйлер, саябақтар, базарлар мен оқу орындары, сондай-ақ аурухана, вокзал, канализациялық люктер мен қала аумағының тағы басқа орындарында іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Іздеу жұмыстарына 40 полиция қызметкері, 22 мұғалім мен еріктілер, 4 төтенше жағдай қызметкері және қызметтік-іздестіру иттері жұмылдырылып, жергілікті тұрғындар сұралуда.

Жамбыл облысы Полиция департаменті суретте көрсетілген Берик Аруай Мұхитқызына қатысты қандай да бір ақпарат болса, 8 (726 44) 6-08-28, 6-05-66, 6-29-16 нөмірлеріне немесе 102-ге хабарласуларыңызды сұрайды.