Әлеуметтік желіде Қордай ауданында11 жасар баланың аттракционнан құлап кеткендігі жөнінде видео тарады.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 11 жасар бала аттракционнан құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде Қордай ауданында11 жасар баланың аттракционнан құлап кеткендігі жөнінде видео тарады. Дегенмен, жасөспірімнің ата-анасы медициналық көмекке жүгінбеген. Ол туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«10 тамызда әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде Жамбыл облысы Қордай ауылының саябағында 2010 жылы туған кәмелетке толмаған баланың аттракционнан құлап кеткендігі туралы жарияланым анықталды (видео қоса берілген). Тексеру барысында баланың құлауы биылғы 9 тамызда орын алғандығы белгілі болды. Алайда, ата-аналар ауруханаға және құқық қорғау органдарына шағымданған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушылары анықталды», - делінген хабарламада.
Аталған факті процессуалдық шешім қабылдау үшін Қордай аудандық полиция бөлімінде тіркеуге алынған.