Жамбыл облысында 5 блок-бекет қойылды

0
701

Азаматтар үшін 65 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.


Жамбыл облысында 5 блок-бекет қойылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин өзінің Facebook-тегі парақшасында ауа райына байланысты қазіргі ахуал туралы жариялады, деп жазады inform.kz.

ПД бастығы 16 желтоқсандағы жағдай бойынша, жауын-шашынның салдарынан жолдың қатты көктайғақ болуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 239-дан 593-шақырымына дейін (Түркістан облысының шекарасы) көлік құралдарының барлық түрі үшін жол жабық екенін жазды.

«Полиция қызметкерлерімен барлық ауданның аумағына блок-бекеттер қойылды. Атап айтқанда, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандары, Тараз қаласы және Түркістан облысының шекарасы. Азаматтар үшін 65 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта онда 36 адам жеткізілді. Осы сәтке оқыс оқиға мен өлім деректері болған жоқ», - делінген жазбада.