Қазір әйелдің жағдайы ауыр.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Шу қалалық ауруханасында қайғылы жағдай болды: жүкті әйел комаға түсіп, жаңа туған нәрестесі шетінеп кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Egovpress Telegram арнасы жазды. Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, 33 апталық жүкті әйел преэклампсия белгілерімен ауруханаға түскен. Жағдайы ауыр болғандықтан, жедел кесар тілігі жасалған.
«Қазір әйелдің жағдайы өте ауыр, тұрақты дәрігерлердің бақылауында. Ол бірнеше рет Гинекология және перинатология ғылыми орталығы мамандарымен, соның ішінде Шу қаласына келген арнайы топпен кеңесті. Дәрігерлер емдеу бекітілген медициналық хаттамаларға сәйкес жүргізіліп жатқанын және барлық қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді», – деп хабарлады басқарма.