Жамбыл облысында шекарадан зергерлік бұйымдар кіргізбек болғандар ұсталды

0
1 287

Шекара бақылауы кезінде көлік салонынан салмағы 275 келі зергерлік бұйымдары бар 8 жол сөмке анықталған.


Жамбыл облысында шекарадан зергерлік бұйымдар кіргізбек болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Екі қазақстандық шекарадан 275 келі зергерлік бұйымдар өткізбек болған, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, 19 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы "Қордай" көлік өткізу пунктінде екі қазақстандықты зергерлік бұйымдардың ірі партиясын әкеле жатқан жолда тоқтатқан.

Шекара бақылауы кезінде көлік салонынан салмағы 275 келі зергерлік бұйымдары бар 8 жол сөмке анықталған.