​Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды

0
879

Әлеуметтік желілерде автомобиль терезелерінен шығып, көңіл көтерген түлектердің видеосы тарады.


​Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде автомобиль терезелерінен шығып, көңіл көтерген түлектердің видеосы тарады.

Жамбыл облысының полициясы жағдайға қатысты түсінік берді. Бұл - Тұрар Рысқұлов ауданындағы мектеп түлектерінің кортежі екені белгілі болды.
"Toyota Land Cruiser Prado, Audi 80, BMW 735, VAZ210540 және екі Toyota Самму автокөліктерінің жүргізушілеріне патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы "жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау" бойынша әкімшілік жауапқа тартты", - деп хабарлады ПД өкілдері.