Бұған дейін Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймағында құтырмаға қарсы карантин енгізілген еді.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев өңірде құтырма ауруының екі ошағы анықталғанын айтты, деп жазады zakon.kz.
"АПК Новости" мәліметінше, аймақтағы жағдай тұрақты бақылауда.
"Биыл 4 айда барлық ірі қара мал басында аса қауіпті аурудың бар-жоғы тексерілді. Қаңтар-мамыр айлары аралығында малдан қан сынамасы алынды. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша 310 ауру мал анықталды: 100 бас ірі қара және 210 бас ұсақ мал. Барлық ауру мал санитарлық союға жіберілді. Алдағы уақытта өлексесі өңделеді", деді Нұржас Құрмантаев.
Сонымен қатар облыста құтырманың екі ошағы анықталды. Оның бірі Шуск ауданында, екіншісі Тұрар Рысқұлов ауданында. Мамандар қауіпті дертті шұғыл жоя бастады. Қазір қауіп көзі жойылды.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы аймағына кіретін 33 ауылда ауыл тұрғындарының ауласын, сарайын, сонымен қатар жарты миллионға жуық мал басын дезинфекциялау бойынша шаралар жоспарланып отыр. Қазір дезинфекцияға керек жарақтар сатып алынды.
Бұған дейін Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймағында құтырмаға қарсы карантин енгізілген еді.