36 жастағы келіншек жасаған әрекеттерін мойындады.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны өзінің туысын тонап кеткен деген күдікке ілінді. Қолды болған қаржы көлемі 6 миллион теңгені құрайды, деп kaz.nur.kz.
Полицияның хабарлауынша, 26 тамызда оларға Қордай өңірінде тұратын 67 жастағы ер адам хабарласқан. Ол үйінен 6 миллион теңге ұрланғанын айтты. Тәртіп сақшылары "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін күдікті арызданушының келіні екені анықталды.
36 жастағы келіншек жасаған әрекеттерін мойындады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері заттай айғақ-дәлелдерді тәркіледі.
Сондай-ақ, бұған дейін Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері жарты сағаттың ішінде 3 тонау фактісін жасаған 24 жастағы тұрғынды ұстағанын хабарлағанбыз. Ер адам тонаушылық әрекеттерін бір уақытта жасаған.
Еске салсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталғанын мәлімдеген болатын. Ресми мәліметке сәйкес, басқарма басшысымен бірге оның орынбасары да тергеуге алынған.
Олар алдын ала сөз байласып, мердігерлік ұйым директорынан іс жүзінде орындалмаған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 миллион 600 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.