Жамбылда дүкеннің жарнамасын жасаған блогер қамауға алынды

0
125

Блогер “агрессивті” жарнама түсіргені үшін жауапқа тартылған.


Жамбылда дүкеннің жарнамасын жасаған блогер қамауға алынды

Ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында супермаркеттің жарнамасын жасаған блогер қамауға алынды, деп жазады ulysmedia.kz.

Полицияның мәліметінше, блогер “агрессивті” жарнама түсіргені үшін жауапқа тартылған. Ол супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.

- Болашақ көрермендердің назарын аудартуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрегі дауыспен сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан. Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, делінген хабарламада.

Нәтижесінде супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсірген блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Әңгіме жергілікті Жандос Бақтаев туралы. Оның instagram-да 18 мыңнан аса оқырманы бар. Өзін мобилограф, видеограф ретінде таныстырады.