Жамбылда қаза тапқан сарбазға қатысты тергеу амалдары басталды

0
82

Оқиғаның нақты себебі мен мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары қолға алынды.


Жамбылда қаза тапқан сарбазға қатысты тергеу амалдары басталды

Фото: inbusiness.kz.

ERNUR.KZ. Тергеу барысын Бас әскери прокуратура өз бақылауына алып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаздың қайтыс болуына байланысты "Оңтүстік" өңірлік әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тексерістер жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге деректер жария етілмейді.

Бұған дейін біз Отардағы әскери бөлімде 19 жастағы сарбаздың қаза тапқаны туралы жазған едік.